• Чт. Май 9th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Жамбыл облысының құтқарушылары жаңа оқу жылында оқушыларға қолдау көрсетті

Автор:REVIZORRO

Авг 30, 2018

Мектеп табалдырығын аттайтын балалардың қарапайым қарындаштан бастап, мектеп формасына дейінгі ұзын-сонар тізімнің қандай болатындығын ата-аналар қауымы жақсы біледі. Қоғамда кейбір отбасыларда оқушылардың қажетті құралдарын алып беруге мүмкіндігі болмай жататын жағдайлар кездесіп жатады. Ал мұндай отбасыларға өз кезегінде Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесінің қызметкелері әрдайым қолұшын созуға дайын тұрады.

Міне осыған орай Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесіне қарасты Тараз қалалық №1 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған көп балалы отбасылардағы оқушыларға көмек көрсетуді жөн деп тапты.

Ондағы мақсат көп балалы, әлеметтік жағынан аз қамтылған әрі ата-ана қарауынсыз қалған жетім балаларға және өзге де түрлі себптерге байланысты мектеп табалдырығын аттай алмай отырған оқушыларға оқу кезеңінде көмектесу болып табылады.

От жауынгерлері өз кезегінде оқушыларға оқу құрал-жабдықтарымен қатар, мектепке киетін споттық формасына дейін алып беріп, балаларды қуанышқа бөледі. Жалпы мұндай қайырымдылық акцияларына қатысу әрбір Қазақстан Республикасының әрбір азаматының борышы.

Жамбыл облыстық азаматтық қорғау органының қызметкерлері оқушыларға жаңа оқу жылында толайым табыс пен денсаулық тіледі.

Жамбылской облысы төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесінің Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Жамбыл облысы

«REVIZORRO»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?